Қазақстан. 14 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда коронавирус ауруының 1104 жаңа жағдайы тіркелді, Бұл туралы Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 328,
- Алматы қаласында - 350,
- Шымкент қаласында – 102,
- Ақмола облысында – 14,
- Ақтөбе облысында – 10,
- Алматы облысында - 88,
- Атырау облысында - 18,
- Шығыс Қазақстан облысында - 13,
- Жамбыл облысында - 40,
- Батыс Қазақстан облысында - 11,
- Қарағанды облысында - 58,
- Қостанай облысында - 15,
- Қызылорда облысында - 16,
- Маңғыстау облысында - 12,
- Павлодар облысында - 10,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 10,
- Түркістан облысында - 9.
Қазақстанда 334 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
- Нұр-Сұлтан қаласында - 69,
- Алматы қаласында - 230,
- Алматы облысында - 14,
- Қарағанды облысында - 17,
- Қостанай облысында - 3,
- Түркістан облысында - 1.
Елімізде барлығы 1 294 233 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.