Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер түсімдерінің көлемі 7,3 трлн теңгені құрады.
2018 жылдың 10 айында шамамен 6,4 трлн теңге жиналды (14,5%-ға өсті).
Түсімдердің ең үлкен көлемі Алматы (1,7 трлн теңге) және Атырау облысына (1,3 трлн теңге) тиесілі.
Нұр-Сұлтан қазынаға 921,7 млрд теңге, Алматы облысы – 402,9 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 349,8 млрд теңге, Қарағанды облысы – 320,8 млрд теңге, ал БҚО - 302,5 млрд теңге төледі.
Ақтөбе облысынан бюджетке төленген салықтар 298,1 млрд теңгені, ШҚО – 273 млрд теңгені, Павлодар облысынан – 222 млрд теңгені, Шымкенттен – 154,2 млрд теңгені, Қостанай облысынан – 147,3 млрд теңгені, ал Түркістан қаласынан – 145,1 млрд теңгені құрады.
Өз кезегінде Ақмола облысы 134 млрд теңгеге, Қызылорда – 122,2 млрд теңгеге, Жамбыл облысы – 75,5 млрд теңгеге, ал СҚО – 67,7 млрд теңгеге салық төледі.