Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда айналымы шамамен 9 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға көп.
Жалпы сауда көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі 32,7%-ды (2,9 трлн теңгеден астам), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 67,3%-ды (6 трлн теңгеден астам) құрады.
Бұл ретте өнімдерді сату 6,4%-ға, ал азық-түлік емес тауарларды сату 5,1%-ға өсті.
10 ай ішінде ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 58%-ды (5,2 трлн теңгеден астам), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі 42%-ды (шамамен 3,8 млрд теңге) құрады.
2019 жылдың басынан бастап елдегі көтерме сауда 20 трлн теңгеден асты (өсім 8,3%).