Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 4%-ке өсті

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 4%-ке өсті

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда бөлшек сауда айналымы 694,6 млрд теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ке артты.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 31,3% (217,7 млрд теңге), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 68,7%-ті (476,9 млрд теңге) құрады. Сонымен қатар, бөлшек сауда көлемінің ең көп үлесі Ақтөбе облысында (53%), ал ең аз үлесі Шымкентте (17,2%) болды. Азық-түлік өнімдерін өткізу көлемі бір жылда 5,7%-ке, ал азық-түлік емес тауарлар – 3,8%-ке өсті.

Сонымен бірге, саудамен айналысатын кәсіпорындар осы жылдың бірінші айында 401,8 млрд теңге, ал жеке кәсіпкерлер – 292,8 млрд теңге (42,2%) табыс тапты.

Өңірлер бөлінісінде бөлшек сауда көлемі бойынша Алматы (223,6 млрд теңге), Астана (74,4 млрд теңге) және Қарағанды облысы (68,2 млрд теңге) көшбасшы болды. Ал, қаңтар айында ең аз табыс Түркістан (9 млрд теңге) және Маңғыстау облысының (11,9 млрд теңге) дүкендерінде болды.

Жыл басынан бері республикада көтерме сауда көлемі 1 трлн теңгені құрап, 9,6%-ке өсті.

Похожие материалы