Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 7996,1 млрд теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,5%-ға көп, - деп хабарлайды ҚҰ ҰЭМ Статистика комитеті.
2018 жылғы қаңтар-қазанда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29,4%), Астана қаласына (11,9%), Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына (9%)-дан келеді.