Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екі айға депозиттің шекті мөлшерлемесін көтерді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстан ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтарына арналған жеке тұлғалардың депозиті бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады. Депозитке қатысты жаңа ставка бүгіннен бастап қолданысқа енгізілед», – делінген хабарламада.
Қор мамандары екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді дербес қабылдайтынын атап өтті.
Еске салайық, кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді. Бұл елдің ақша-несие саясатына тікелей ықпал етеді.