Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Елімізде дизель отынының өндірісі 33%-ға артты. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Мәселен Ресейдің өзінде өсім небәрі 16% шамасында болса, Арменияда -26, Қырғызстанда – 19,8 %, Беларусьте – 6%. Мұндай деректерді Еуразиялық экономикалық комиссия жариялады.
Алайда, өндірушілер тарапынан тұтыну бағасын өсіру бойынша ең бірінші ресейліктер келеді. Олар соңғы 7 айда дизель отынының құнын 32 пайызға көтерсе, отандық өндірушілер 29 пайызға арттырған. Еске сала кетсек, Қазақстанда дизельдік отын бағасының өсуі отандық өндірушілердің акциздерімен байланысты.