
Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz – Болашақта Қазақстан дизель отыны тапшылығына тап болуы мүмкін. Бұл туралы cенат депутаты Бақытжан Байахметов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, жыл сайын елдегі 3 мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің тапшылығы болады. Ал биыл 500 мың тоннадан аса дизель отыны жетіспеуі мүмкін.
«Бұған көрші елдердегі отын бағасы да себеп. Өйткені ондағы баға бізден 2 есе қымбат. Осылайша, транзиттік көліктердің ыңғайына қарай жұмыс істеп отырмыз»,– деді Бақытжан Байахметов.
Ол 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО-да мұнай мен мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығы болатынын атап өтті.