Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Jýsan Bank және First Heartland Bank біріктіруді аяқтады.
Қаржы құрылымының ақпаратына сәйкес, шоғырландыру нәтижесінде First Heartland Jýsan Bank активтерінің көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Сонымен қатар, өз капиталы 14%-ға — 144 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал клиенттердің қаражаты 620 млрд теңгеден асты.
«Біріккен банк First Heartland Bank корпоративтік клиенттік базасының синергиясы және дамыған өнімді Jýsan Bank желісі есебінен бәсекелестік қызметтер мен сервистер ұсынатын болады. Екі өзара толықтырушы бизнестің осы бірігуі банктік қызмет көрсету саласындағы көшбасшы орындарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.
«First Heartland Jýsan Bank» АҚ Басқарма төрағасы Бекжан Пірматовтың айтуынша, екі банктің бірігуі клиенттердің сенімін қалпына келтіруге және қазақстандықтарға үздік қаржы құралдары мен сервис ұсынуға бағытталған жаңа бизнес-стратегия аясында жоспарланған.