Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда электр энергиясының тарифі 2019 жылдың наурыз айында бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8%-ға арзандады, - деп хабарлайды energyprom.kz.
Электр энергиясының тарифі Қазақстанда наурыз айында электр плитасын қолданбайтын және өзге де құрылғыларды пайданалатын қазақстандықтар үшін біршама арзандаған.
Нақтырақ айтқанда, электроплитаны қолданбайтын республика тұрғындары үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 133 теңгені (2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 8,4%-ға арзандаған), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 458 теңгені (-6,7%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 799 теңгені (-5,5%) құраған. Электроплиталарды қолданатындар үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1110 теңге (-8,7%), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1458 теңге (-6,9%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1800 теңге (-5,4%) болған.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында электр энергиясының өндірісі 28,1 млрд кВт/сағатты құраған (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға аз). Электр энергияны жеткізу және тарату шығындары 286,2 млрд теңгені (өткен жылдың шығынан қарағанда 13,9%-ға аз) көрсеткен.
Қазақстанның электр энергиясы жүйесінің бірыңғай операторы - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company, қысқаша KEGOC). Қазақстанда электр энергиясын әртүрлі иеліктегі 138 электр станциялары өндіреді.