Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ең дәулетті байлардың жаңа тізімі шықты

Қазақстанда ең дәулетті байлардың жаңа тізімі шықты

Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаевтың екі қызы: Динара мен Дариға Назарбаевалар ең бай 50 адам тізімінде жүр. Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев те ең ауқаттылар қатарында, деп хабарлайды 7kun.kz.

forbes.kz анықтаған жаңа тізім бойынша Қазақстандағы ең бай 50 бизнесмен тізіміне бірнеше жаңа есімдер енген. Олардың бірнешеуі – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары.

Бұған дейін мемлекеттік қызметте болған Дариға Назарбаева ауқаттылар тізімінде 13-орында. forbes.kz оның байлығын $584 млн деп бағалаған. Дариға Нұрсұлтанқызы 2012-2013 жылдары Форбс тізімінде болған. Ол кезде де 13-орында еді. Тізімде 26-орында тұрған оның ұлы Нұрәли Әлиевтің байлығы $263 млн екен.

Тізімдегі жаңа есімнің бірі – 38 жастағы Нұрбол Назарбаев, Болат Назарбаевтың ұлы. Ол 160 $млн дәулетпен 41-орынға жайғасыпты. 2017 жылға дейін ішкі істер органдарында қызмет еткен. Полиция полковнигі шені бар.

Ал қамаудағы Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев байлар тізімінен шығып қалыпты.

50 ауқатты бизнесмен тізімінің басында $5 млрд байлықпен Владимир Ким тұр. Екінші, үшінші орында Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева бөліскен. Олардың әрқайсысында $3,9 млрд бар деп бағалаған форбс. 4-орында Вячеслав Ким $3,2 млрд, 5-орында Михаил Ломтадзе, $3 млрд.    

Похожие материалы