Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда өнеркәсіптік сала қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен айына 247,6 мың теңгені құрады, бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға артық және өткен жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірден 10,2%-ға көп. Инфляцияны есепке ала отырып, сектордағы жалақы төлемдерінің сатып алу қабілетінің өсуі жыл ішінде 4,8%-ға жетті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды.
Ең жоғары жалақы тау-кен өндіру сегментінде: айына 387,3 мың теңге — жылына +8%. Тау-кен өндіру және карьерлерді қазу сегментінде мұнай мен газ өндіру саласындағы ең жоғары жалақы: 737,7 мың теңге, жылына +6,5%; екінші орында өндіруші сектордағы техникалық қызмет көрсету саласы: 418,3 мың теңге, жылына +6,1%.
Тау—кен өндірісінен кейінгі жалақы деңгейі бойынша екінші орынды өңдеу өнеркәсібі саласы алады: айына 201,7 мың теңге — бір жыл ішінде бірден +13,7%. Бұл салада темекі өнеркәсібінде жұмыс істеу тиімді болып табылады: мұнда ай сайын орта есеппен 656,2 мың теңге алады — өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық. Екінші орында мұнай өңдеу өндірісі және кокс өндірісі: мұнда айына орташа жалақы 399,2 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде 17%-ға өсті. Үшінші орында — компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі: орташа айлық жалақы мұнда 328,4 мың теңгеге жетті — бір жыл ішінде бірден +18,9%.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласындағы жұмысшыларға 165,1 мың теңге — жылына +10,5%, сумен жабдықтау, кәріз жүйелері және қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау сегментінің қызметкерлері — 121 мың теңге алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға көп.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы мұнай және газ өндіретін үш аймақта байқалды: Атырау (553,1 мың теңге, жылына +3,6%), Маңғыстау (521,3 мың теңге, жылына +6,7%) және Батыс Қазақстан (айына 460,9 мың теңге, жылына бірден 23%) облыстарында.