Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі төмендеді

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі төмендеді

Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың қазанында Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 28,6 мың теңгені құрады.

Статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 1 айда 0,2%-ға (70 теңгеге) төмендеді, ал жыл басынан бері 11,8%-ға өсті.

Айта кетейік, азық-түлік өнімдеріне 15,7 мың теңге, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 12,8 мың теңгеден астам қаражат бөлінген.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (36,1 мың теңге), Астанада (33,3 мың теңге) және Алматыда (32,4 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Жамбыл облысында (25,3 мың теңге), Түркістан облысында (25,7 мың теңге) және Қызылордада (26 мың теңге) тіркелген.

Похожие материалы