Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz – Toyota-ның Қазақстандағы ресми дилерлері Camry және RAV 4 модельдерін сатуды тоқтатты. Себебі бұл көліктер таусылған. Қазақстанға енді қашан жеткізілетіні белгісіз, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұған себеп Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты жұмысының тоқтауына байланысты. Себебі көліктер сол жерден құрастырылып, Қазақстанға келеді. Қазір автомобиль бөлшектерін зауытқа жеткізу мәселесі қиындап, өндіріс тоқтаған.
"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС автокөлік тапшылығы уақытша жағдай деп хабарлады.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметі бойынша Toyota автокөліктері 2021 жылы ең көп сатылған үздік үштік қатарына енді. Жапон маркасының дилерлері 13,8 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның ішінде Camry-дің 5599 данасы сатылды.