2016 жылдың қаңтар айында, Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 20145 теңгені құрады. Бұл туралы экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарайды .
Бұл көрсеткіш 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,7%-ға артқан.Статистикалық ақпарат бойынша, қараша айындағы азық-түлік өнімдерінің төменгі күнкөріс мөлшері 12 087 теңгені құрап, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет көрсететіндердікі 8058 теңге болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айындағы инфляция 1,3%-ды құрады. Өткен айда азық-түлік өнімдерінің бағасы 1,8%-ға артса, азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,9%-ға артты. Ал ақылы қызмет көрсету құны 1,2%-ға қымбаттады.
Фото: ria.ru