Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда интернет операторлары қанша ақша табады?

Қазақстанда интернет операторлары қанша ақша табады?

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Байланыс операторлары 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде 419,1 млрд теңге табыс тапты.

Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,2% көп. Мұнымен қоса, жергілікті телефон байланысына 23,3 млрд теңге (3,6%), интернет желісін қосуға 139,5 млрд теңге (7,2%), ұялы байланыс қызметіне 126,9 млрд теңге (1,1%) жұмсалды.

Байланыс қызметі саласындағы жалпы көлемнің көп бөлігі кеңжолақты интернетке (33,3%) және ұялы байланысқа (30,4%) тиесілі.

Ал, басқа да телекоммуникациялық қызметтер 17,4% кіріс, жергілікті телефон байланысының қызметі 5,6%, кабельді инфрақұрылым бойынша бағдарламаларды тарату қызметі және сымсыз желі 4,9%-ті құрады.

Похожие материалы