Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың шетелге шығу тәртібін өзгермек

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың шетелге шығу тәртібін өзгермек

Астана. 2 қараша. 7kun.kz – Елде кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шетелге шығу тәртібі өзгермек, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтыңайтуынша, адам саудасымен айналысатындар түрлі халықаралық шараларға шақыру желеуімен балаларды сыртқа алып кететін жағдайлар да кездесетінін атап өтті.

«Балаларды жалған құжатпен немесе алдау арқылы халықаралық іс-шараларға апаратын жағдайлар кездеседі. Содан кейін оны қайтару қиынға соғады», – деді ол.

Ал Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов 16 жасқа толмағандардың Қазақстаннан кету тәртібі өзгеретінін атап өтті.

Қазақстанда балалардың шетелге шығуы бақыланады, ата-анасының рұқсатынсыз бөгде адам баланы шетелге әкете алмайтыны атап өтілді.

Похожие материалы