Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кедейлердің саны өсті – министр

Қазақстанда кедейлердің саны өсті – министр

Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz – Елде кедейлердің саны артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Өткен жылы Қазақстанда инфляцияның деңгейі 20,3% болды. Сол себепті халықтың тұрмысы да нашарлады.

«Өсім бар, кедейлердің саны өткен жылы 4,9% болса, биыл 5,1%-ға дейін өсті», – деді Дүйсенова.

Оның айтуынша, бүгінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 мың тең болғанмен, оның шегі әр өңірде әртүрлі болып тұр. Мәселен, Маңғыстау облысында – 54 мың теңге, Астанада – 50 мың теңге, Алматыда – 48 мың теңге.

Республика бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа көрсетіші – 45 623 теңге.

Похожие материалы