
Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың III тоқсанында Қазақстанда кедейлік деңгейі 4,6% құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңінен 2,7% төмен, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Бұл көрсеткіште Түркістан (12,6%) және Маңғыстау (5,6%) облысы айтарлықтай мәнге ие.
Ақмола облысында кедейлік деңгейі 5,4% болып отыр.
Ең төмен көрсеткіш - Астана (1,0%) қаласында тіркелді.