Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-ақпанында көкөністер бағасы 28,1% - ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.
Экономика министрлігінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың басынан бері инфляция 0,8%-ды құрады. Бұл ретте азық – түлік өнімдерінің бағасы 2,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға 0,6%-ға өсті, ал ақылы қызметтерге 1,5%-ға төмендеді.
"Ағымдағы жылдың басынан бері бағаның жаңа піскен көкөністерге – 28,1%, ұнға – 4,1%, күрішке – 3,1%, мұздатылған балыққа, жаңа піскен жемістерге – 2,6%-дан, ірімшікке - 2,3%-ға өскені байқалды. Жұмыртқа, нан, құс еті - 2%-дан. Макарон өнімдері 1,7%-ға, сары май, шұжық өнімдері – 1,6%-дан, жылқы еті, ет өнімдері, жаңа піскен сүт - 1,5%-дан қымбаттады. Қой еті, тоқаш және ұн өнімдерінің құны 1,4%-ға, шошқа еті – 1,1%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,9%-ға артты. Темекі өнімдері 4,4%-ға, салқындатылған сусындар – 2,2%-ға, алкогольді сусындар - 2%-ға қымбаттады", - делінген хабарламада.
Бұл ретте бағаның төмендеуі қантқа 2,7%-ға, қарақұмық жармасына – 1,3%-ға, сүзбе - 0,8%-ға тіркелді.
Сонымен қатар, фармацевтикалық өнімдерге баға өсімі 1,9%-ды, тоқыма бұйымдарына – 1,4%-ды, жеке пайдаланатын тауарларға, автомобильдерге – 1,3%-ды, жиһаз бен үй тұрмысына қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім мен аяқ киімге - 1,1%-ды, тұрмыстық құралдарға - 1%-ды құрады. Бензин 2,6%-ға, тас көмір – 1,8%-ға, дизель отыны - 0,8%-ға арзандады.
Ведомствоның ақпараты сәйкес, құқықтық қызметтерге, жеке көлік құралдарын сақтандыруға баға деңгейі 5%-дан, Денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,8%-ға, қоғамдық тамақтануға – 1,1%-ға, кабельдік теледидарға - 1%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына - 0,8%-ға артты.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, суық суға – 7,5%, кәрізге – 6,9%, ыстық суға – 6,6%, электр энергиясына – 4,7%, таратушы желілер арқылы тасымалданатын газға – 4,1%, қоқыс шығаруға-3,4% төмендеді.