Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда көмір өндіру 3%-ға қысқарды

Қазақстанда көмір өндіру 3%-ға қысқарды

Алматы.  21 қараша. 7kun.kz -  ҚР-да 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында көмір мен лигнит өндіру 289,5 млрд теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 97,2%-ға жетті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 253,5 млрд теңгені, ӨӨИ - 101,9% құрады. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.

2018 жылы жалпы көлем 343 млрд теңгеге жетті, ӨӨИ — 104,6% құрады, ал 2017 жылы - 292,1 млрд теңге, ӨӨИ— 105,2%.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 92,8 млн тонна тас көмір, лигнит, сондай-ақ қойылтылған көмір өндірілді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз.

Тікелей тас көмір өндіру бір жл ішінде 2,5%-ға, 84,8 млн тоннаға дейін, лигнит - 8,2%-ға, 4,3 млн тоннаға дейін қысқарды. Көмір концентратын өндіру, керісінше, бір жыл ішінде 5,5%-ға артты және 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 3,7 млн тоннаны құрады.

ҚР қалаларында бөлшек сауда бағасы 2019 жылғы қазанда 1 тонна көмір үшін орташа 12,6 мың теңгені құрады — өткен айға қарағанда 1,2%-ға жоғары, бірақ 2018 жылғы қазанмен салыстырғанда 4%-ға төмен.

ҚР қалалары арасында көмір бағасының ең жоғары өсімі Талдықорғанда (тоннасына 4,1%- ға, 113,3 мың теңгеге дейін), Таразда (тоннасына 3,8%-ға, 14,2 мың теңгеге дейін) және Түркістанда (тоннасына 3%-ға, 14,3 мың теңгеге дейін) белгіленді.

Көмір бағасының төмендеуі тек Семейде байқалды: 1,3%, тоннасына 8,6 мың теңгеге дейін. Тағы 6 қалада бір айдағы баға өзгерген жоқ.

Көмірдің ең жоғары бағасы Оралда (18,5 мың теңге), Қызылордада (14,4 мың теңге) және Түркістанда (14,3 мың теңге)тіркелді.

Ішкі нарықта сатылатын көмір өндірушілердің бағасы Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауда бағасынан орташа есеппен 2,5 есе төмен.

2019 жылғы қазанда 1 тонна жылу көмірінің құны 4,9 мың теңгені, лигнит 5,1 мың теңгені құрады.

Похожие материалы