Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда коммуналдық тарифтер 80%-ға қымбаттайды

Қазақстанда коммуналдық тарифтер 80%-ға қымбаттайды

2019 жылдың соңына қарай Қазақстанда коммуналдық тарифтердің бағасы 80%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті. 

Комитет басшысының мәліметі бойынша, коммуналдық тарифтерді есептеу барысында   «қорытындыны төлемді»  алдын ала есептеп, білуге болады. "Ең алдымен, бұл жаңа тәртіптің бағыты - тұтынушы жағдайын тұрақты ету, әрі ұзақ мерзімді тарифтерге көшуге мүмкіндік беру. Төлемді модельдеу үшін 44 шаршы метр пәтер мен қызметтерді тұтыну стандартты параметрлері пайдаланылды. Бұл инфляцияның ең жоғары үлесі 1,2 пайызын құрайды деп күтілуде. Сонымен қатар,  орташа пәтерге төленетін коммуналдық төлем, 2019 жылдың соңында 8,2 мыңнан 14,7 мың теңге аралығында болады",- деді Серік Жұманғарин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Фото: comenergoresurs.ru

Похожие материалы