Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда корейлік капиталдың қатысуымен 516 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді

Қазақстанда корейлік капиталдың қатысуымен 516 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz –  19-20 наурыз күндері Сеулде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Корей  үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бастап барды.

Делегация құрамында мүдделі мемлекеттік орталық органдардың, «Қазгеология» АҚ, Қазақстан сыртқы сауда палатасының, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Қазақстан индустриялық даму институты» АҚ,  «KazakhInvest» ҰК-ның және бизнестің өкілдері бар.

Роман Скляр өз сөзінде Корея Республикасы Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

«Корея Республикасы Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 13 жылда Кореядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда корейлік капиталдық қатысуымен 516-дан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналым көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Тауар айналым 2,2 есеге өсіп, 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады. 2018 жылы Қазақстан Кореяға экспорт 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе жоғары», - деді министр.

Екі ел арасында жалпы сомасы 4,6 млрд доллар болатын 41 Қазақстан-Оңтүстік Корея инвестициялық жобасы бар.

Сондай-ақ министр қазіргі уақытта корей бизнесі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Бұл еліміздің тартымды инвестициялық климаты, Корей азаматтары үшін Қазақстанда визасыз режим және тікелей әуе қатынасы орнаған. Бұл шаралар іскерлік байланыстарды нығайтуға және екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея президенті Мунның Қазақстанға жасайтын сапары аясында Алматыда жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталады.

Үкіметаралық отырыс аясында тараптар сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың Жол картасын жаңартуға келісті. Бұл Жол картасына 2016 жылдың қараша айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Кореяға мемлекеттік сапары кезінде Сауда, өнеркәсіп және энергетика, Инвестиция және даму министрліктері арасында қол қойылған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы келесі бес жыл ішінде ынтымақтастықтың барлық перспективалы бағыттарын қамтитын «САМАЛ ЖЕЛ» Қазақстан-Оңтүстік Корея жаңа экономикалық ынтымақтастықтың кеңейтілген бағдарлама жобасын ұсынды.

Кездесу барысында тараптар осы құжаттың негізгі ережелерін нпқтылады. Бағдарламаға президент Мунның Қазақстанға сапары кезінде қол қойылады, деп күтілуде.

Похожие материалы