Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кредит беру талаптары күшейтіледі

Қазақстанда кредит беру талаптары күшейтіледі

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – Елде кредит беру талаптары күшейтіледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның  айтуынша, тұтынушылық кредиттер нарығына зерттеу жасалып, соның нәтижесінде қосымша талаптар пайда болады.

«Оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін шектеу де бар. Сондай-ақ микроқаржы мен коллекторлық ұйымдарды реттеу жағы да күшейтіледі», – деді Әбдірахманов.

Ол соңғы екі жылда 28 микроқаржы ұйымы мен 37 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылғанын атап өтті.

«Биыл микроқаржы ұйымдары бойынша онлайн кредит беру мәселесіне баса назар аударылады. Бұр ретте кредит беру талаптары ғана емес, қарыз алатын адамдардың идентификациясына қатысты талаптар да күшейтіледі. Негізгі мақсат – алаяқтық жолмен кредит беру фактілеріне жол бермеу», – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Похожие материалы