
Нұр-Сұлтан. 1 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда 2022 жылғы маусымда инфляция 1,6%-ды, жыл басынан бері 10,5%-ды құрады, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистикалық бюросы.
Жылдық мәнде инфляция 14,5%-ды құрады.
Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 1,9%-5а, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,9%-ға, ақылы қызметтерге – 0,8%-ға өсті.
Азық-түлік нарығында жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі қант бағасында - 78,7%, қырыққабатта - 72,4%, пиязда - 69,3%-ға байқалды. Сондай-ақ картоп бағасы 9,8%-ға төмендеді.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі маусымда 13,2%-ды құрады.