Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — Жыл сайын Қазақстанда мектеп формалары 38 млрд теңгеге сатылады. Сату көлемінің тек 7%-ын ғана отандық тауарлар құрайды. Мұндай деректерді ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова жариялады.
Мектеп формасы импортының негізгі ағыны Қазақстанға Қытайдан, Өзбекстаннан, Түркиядан және Қырғызстаннан келеді. Алайда, Любовь Худова айтуынша, бұл тауарлар қазақстандық стандарттарға сәйкес келмейді, сертификатталмаған және декларацияланбаған.
«Импорттық киім үлгісі көбіне 100% синтетикалық материалдан тұрады, бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді», - дейді спикер.
Худованың хабарлауынша, отандық тауар өндірушілер тігін кәсіпорындарының әлеуеті жақсы екеніне қарамастан, оларға өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік бермейтін бірнеше негізгі проблемалардың бар екенін айтады.
Ең алдымен тігін шеберлерінің мектептермен бірлесіп жұмыс істеуі қиындық тудырады. Кейбір мектеп директорлары балаларға басқа түске, юбка фасонына және т.б. сын айтып, сатып алған киімді киюге тыйым салады. Сондай-ақ, арзан бағадағы тауардан ұсыныстың болуына байланысты бас тартады.