Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мемлекеттік компаниялардың саны қысқаруы мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік компаниялардың саны қысқаруы мүмкін

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке есеп комитетімен бірге үш ай мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жасауды тапсырды.

Мемлекет басшысы квазимемлекеттік компаниялар көбінесе бір алаңда өзара бәсекелесуге мәжбүр екеніне сенімді. Мысалы, тұрғын үй саясаты саласында жеті мемлекеттік оператор жұмыс істейді.

«Мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға болады. Бұл ретте стратегиялық салаларда жұмыс жасайтын мемлекеттік компаниялардың қызметіне мұқият қарау керек. Оларға мемлекеттік бақылау сақталуы керек», - деп түсіндірді Тоқаев.

Похожие материалы