Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқарады

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқарады

Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің және ұлттық компания қызметкерлерінің саны қысқартылады, деп хабарлады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында.

«2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлерін 25 пайызға, яғни төрттен бір бөлігіне қысқарту керек», - деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Еске сала кетейік, Президент Жолдауы бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Похожие материалы