Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мерейтойлық даталарды атап өтуге 3 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда мерейтойлық даталарды атап өтуге 3 млрд теңге бөлінді

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Үш жылдық бюджеттің таныстырылымында Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Қазақстанда мерейтойлық даталарды атап өтуге қанша қаражат бағытталатынын айтты.

«Маңызды ұлттық жобаларды жүзеге асыруға бюджеттен 3,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл Абайдың 175 жылдығы, әл-Фараби мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2020-2022 жылдарға мәдениет пен спортты дамытуға 304,7 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 120,1 млрд теңге, бұл ағымдағы жылдың деңгейінен 24,8 млрд теңгеге жоғары. Бұл шығындар театрлардың, мұражайлардың, кітапханалардың және мұрағаттардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, спортты қолдауға және дамытуға, кадрлар даярлауға, туризмді дамытуға, фильмдер шығаруға, сондай-ақ маңызды ұлттық жобаларға бағытталған.

«Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша қажеттілік 13,4 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,2 млрд теңге.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша 2020-2022 жылдарға 190,5 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде 2020 жылға 65,1 млрд теңге келеді, бұл 2019 жылғы деңгейден 5 млрд теңгеге жоғары. Шығындардың артуы Токио-2020 Олимпиада ойындарын трансляциялауға лицензиялық құқықтардың алынуымен, футболдан Еуропа чемпионатын трансляциялаумен және 2020 жылы Barimiz birge еріктілер жылын өткізумен байланысты.

Похожие материалы