Қазақстанда 2016 жылдың қаңтар-наурыз айында 16,727 млн тонна мұнай, 3,354 млн тонна сұйық газ өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9% аз, деп хабарлайды Статистика комитеті.
Сондай-ақ, газ тәріздес күйдегі табиғи газ өндіру 5,756 млрд текше метрді құрады (1%-ға көп).
Ал есепті кезеңде ілеспе газды өндіру 6,428 млрд текше метр (5,2% -ға өсті) болды.