Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-наурызда 2018 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Бұл туралы ҚР Статистика комитеті хабарлады.
Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті.
Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.