Астана. 15 қараша. 7kun.kz – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушілердің жалақысы қашан және қаншаға көтерілетіні туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, осыдан үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі алғаш көтерілгенде қызметкерлердің жалақысы 65 мың теңге болған.
«Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңгені құрап отыр. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылған», – деді министр.
«Қатардағы қызметкерлердің жалақысы 70%-ға өседі. Ал, басшылық үшін, яғни өрт сөндіру қызметінің басшылары, төтенше жағдайлар қызметінің басшыларының жалақысы 10%-ғакөтеріледі», – деді ол.
Сондай-ақ министр Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының жалақысы көтерілмейтінін атап өтті.