Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың ақпан айында елімізде бір жалдамалы жұмысшының номиналды жалақысы 172 066 теңгені құрады, - деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.
Ресми мәліметке сәйкес, ақпан айында бір адамға шаққанда табыстың орташа мөлшері 97 584 теңге болды. Осылайша, өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда халықтың ақшалай табысы номианалды мәнде 13,7%-ға өссе, нақты мәнде 8,5%-ға көтерілді.
Айта кетейік, өткен жылы қазан айында қазақстандықтардың бір айдағы жан басына шаққандағы ақшалай табыстың орташа көлемі 95 152 теңгені құраған. Тұрғындардың ақшалай табысы 2017 жылғы қараша айымен салыстырғанда 0,9%-ға, нақты алғанда 6,3%-ға өскен.