Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 108 960 теңгені құрады

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 108 960 теңгені құрады

Астана. 28 желтоқсан. 7kun.kz – 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі 108 960 теңге болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 11 айында қазақстандықтарға 2,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 171 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 276 мың адам.

«1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 960 теңге болды», – делінген хабарламада.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Похожие материалы