Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда орташа жалақы бір жыл ішінде 18%-ға өсті

Қазақстанда орташа жалақы бір жыл ішінде 18%-ға өсті

Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың ІІІ тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 191,1 мың теңгені құрады, деп хабарлады Статистика комитеті.

Атаулы жалақы 2018 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 18,1%-ға, ал нақты жалақы 12%-ға өсті.

Салалық құрылымда ең жоғары номиналды жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 484,6 мың теңге (орташадан 2,5 есе жоғары), тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 418 мың теңге (2,2 есе), ғылыми және техникалық қызметте – 334,1 мың теңге (1,7 есе), құрылыс саласында - 257,7 мың теңге (1,3 есе) белгіленді.

Атаулы жалақының ең төмен деңгейі білім беруде – 122,1 мың теңге болып белгіленді, бұл республикалық көрсеткіштен 36,1%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары номиналды жалақы Атырау облысында тіркелді – 361,5 мың теңге. Ал Түркістан облысында бұл көрсеткіш 122,8 мың теңгені ғана құрады.

Похожие материалы