Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда полиэтилен пакеттер мен сөмкелер өндірісі 63%-ға артты, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстан компаниялары 67,3 млрд теңгенің резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарған. Бұл өткен жылдың 4 айындағы көрсеткіштен 16,4%-ға артық. Аталған бұйымдардың өндірісі негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында шоғырланған.
Шынайы мәнде пластмасса таспалар, үлдір өндірісі жыл ішінде 15 пайызға, пластик есіктер мен терезелер өндірісі 9,4%-ға, пластмассадан жасалған тұрмыстық заттар өндірісі 11,6%-ға және полиэтилен пакеттер мен сөмкелер өндірісі бірден 63,3%-ға артқаны байқалады.
Пластмасса бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар этилен полимерінен, пропилен мен винилхлоридтен жасалатын құбырлар мен шлангілер 9,6%-ға қымбаттап, келісі 665 теңгеге дейін жетті. Полиэтилен таспалар мен үлдір бағасы да 7,4%-ға өсіп, келісіне 695 теңге болды. Пластик терезелер мен терезе жақтаулары да 7,1%-ға қымбаттап, келісі 1081 теңгеге жетіп отыр.