Экономика
Қазақстанда қала, ауылдарды сумен қамту бойынша қандай бағдарламалар бар?
Сұрақ: Қазақстанда қала, ауылдарды сумен қамту бойынша қандай бағдарламалар бар және суға қатысты деректерді қайдан көруге болады?
Жауап: Қазақстанда сумен қамту бойынша бірнеше бағдарлама бар. Оның екеуі жүзеге асқан. Соңғысы қазіргі таңда жүзеге асуда.
- «Ауыз су» деп аталатын алғашқы бағдарлама 1998 жылы пайда болды. Ол 2002-2010 жылдарға есептелген. Мақсат – 7231 елді мекенді, 174 елді мекенді және 86 қала мен шағын елдімекендерді қалыпты сумен қамту, ал сумен қамту деңгейін 80 пайызға жеткізу. 2 миллиард доллар жұмсалды.
- 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы. I кезең – 2011-2015, II кезең – 2016-2020 жж. Бюджеттен – 951 490,3 млн теңге (шамамен 2 млрд АҚШ доллары) бөлінді. Бағдарламаның мақсаты – ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтауды 80%-ға, шағын қалаларды – 100%-ға жеткізу.
- «Нұрлы жер» бағдарламасы 2020-2025 жылдарға арналған. 111,5 млрд теңге (232 млн доллар) бөлінді. Бағдарламаның мақсаты – 2025 жылға қарай қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметіне халықтың 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2025 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және канализация желілерінің тозуын 47%-ға дейін төмендету.
Ауылдарды сумен қамту туралы толық деректерді auylsu.kz платформасынан көруге болады. Ресурста сумен қамтылғаны, қамтылмағаны, суқұбырының ұзандығы, тозу деңгейі туралы ақпараттар толық берілген. Платформада тұрғындардың суға қатысты ақпарат, шағымдарын eotinish.kz арқылы қабылдау іске қосылған.