
Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда 9 айда 8 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда, 11,6% артық.
Статистика комитетінің мәліметінше, 15 өңірде үй құрылысы өсім көрсеткен. Өңірлер бойынша тізім жасасақ, көш басында Алматы қаласы тұр. 9 айдың көрсеткіші өткен жылға қарағанда 15,5% көбейген. Астанада баспана салу жұмыстары баяулаған. Салдарынан көрсеткіш 10,7% төмендеген.
Шымкент пен Маңғыстау өңірлерінде алға ілгерілеушілік байқалады. Ал, Қызылордада тұрғын үй құрылысының бәсеңдегенін байқауға болады. Өңірдегі биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,7% төмендеген.