Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қант 34%-ға қымбаттады

Қазақстанда қант 34%-ға қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, құмшекер наурызда 34,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Алматыда – 59,5% тіркелді. Жамбыл облысында қант 45,9%-ға, Қостанай облысында – 41,9%-ға, Нұр-Сұлтанда – 40,5%-ға, Батыс Қазақстан облысында – 36,5%-ға, Шығыс Қазақстан облысында – 31,8%-ға, Қызылордада – 31%-ға және Павлодарда – 30%-ға. қымбаттады.

Наурызда қант бағасы ең аз қымбаттаған өңірлер қатарына Атырау облысы – 16,4%, Шымкент – 20,8%, Ақмола облысы – 23,7% кірді.

Бөлшек сауда бағасына келетін болсақ, Ұлттық статистика бюросы әр айдың 20-да мониторинг жүргізеді. Мәселен, 20 наурызда 1 кг түйіршіктелген қант ел бойынша орта есеппен 396 теңгені құрады. Бұл 20 ақпандағы көрсеткіштен 33,8%-ға қымбат.

Алматыда аталған кезеңде қант құны 62,6%-ға өсіп, 444 теңгені құрады. Қостанайда – 43,3%-ға, 430 теңгеге дейін, Нұр-Сұлтанда – 40,8%-ға, 449 теңгеге дейін, Таразда – 40,3%-ға, 348 теңгеге дейін, Оралда – 38%-ға, 407 теңгеге дейін, Қарағандыда – 32,5%-ға, 367 теңгеге дейін қымбаттады.

Похожие материалы