Санофи компаниясы қант диабетінің 2 типіне шалдыққан қазақстандық науқастар үшін жаңа дәрілік препаратты таныстырды.
Халықаралық диабет федерациясының бағалауы бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда 20 мен 79 жас аралығындағы қант диабетімен ауыратын 735 200 адам өмір сүріп жатыр. Бұл ауру түрінің көп таралуынан бөлек, кешенді шешімді талап ететін өзге де мәселелер бар. Мысалы, науқастардың қарқынды терапия жүргізуден немесе жалып терапиядан мүлдем бас тартып жатуы салдарынан, көптеген адамдар гликемияның мақсатты мәндеріне қол жеткізе алмай жатады. Бұл өз кезегінде аурудың асқынуына және ауыр салдарға әкеліп, жүректің, қан тамырларының, көздің, бүйрек пен жүйкенің зақымдануын туғызады. Әдетте мұндай салдарға емделу схемасының күрделілігі және препараттарды көтере алмау себеп болады.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаңа дәрілік препаратты қолдану диабетті бақылауға алуды жақсартып қана қоймай, ем алу кезеңін де жақсырақ көтеруге ықпал етеді: инсулинді терапияға қарағанда мұндай терапия кезінде науқастарда дене салмағының өсуі мен гипогликемия жиілігі байқалмайды, сонымен қатар инсулинді емес инъекциялық препараттарға қарағанда асқазан-ішек жолдарындағы жағымсыз құбылыстар азырақ болатыны тіркелген.
«Қант диабетін емдеу жолдарын дербестендіру әртүрлі науқастар үшін жеке схемаларды іздеуді талап етеді. Жақсы танымал және зерттелген қысқа уақыт әсер ететін глюкагон тәріздес пептид-1 рецепторларының агонисті мен базальдік инсулиннің қосындысы дене массасын қосымша көбейтпей немесе АІЖ тарапынан жағымсыз құбылыстарды болдыртпай, 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың дербес мақсаттардағы гликемиялық бақылауына қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл артықшылықтар науқастардың уақытынан бұрын ем алуды тоқтатуының алдын алып, емді жақсырақ көтеруіне әсер етеді» - деп атап өтті м.ғ.к., ҚР ДМ Алматы қаласындағы «Кардиология және ішкі ауруларды ғылыми зерттеу институты» АҚ эндокринология курсының жетекшісі, эндокринолог дәрігер Л. Б. Даньярова.
Жаңа препарат екі доза көлемінде, дайын шприц түрінде шығарылады, бұл науқастың дербес қажеттілігіне қарай дозаны таңдауға мүмкіндік береді.
Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері таң қалдырарлық: тиянақталған комбинация терапиясында науқастардың 70%-дан астамы қандағы қанттың қалыпты мөлшеріне жетті. Салыстыру үшін: базальдік инсулинді қолдану барысында мұндай көрсеткіштерге науқастардың тек 50%-ы жетеді.
«Міне, осымен жүз жыл бойы Санофи компаниясы бүкіл әлемдегі қант диабетімен ауыратын адамдар үшін инновациялық шешімдер ұсынып келе жатыр. Біз 2 типті қант диабетін емдеуге арналған, қазіргі заманғы дәрігерлердің де, науқастардың да сұранысын ескере отырып шығарылған жаңа әдісті ұсынғанымызға қуаныштымыз. Препарат таблеткалық препараттармен немесе базальдік инсулинмен гликемиялық мақсаттарға жете алмай отырған науқастарға қосымша терапиялық мүмкіндіктер ұсынады. Препарат құрамы мен тәулігіне бір рет егу режимі науқастың бұл ем түрін тастап кетпеуіне, соған сәйкес, терапияның мақсатты көрсеткіштеріне жетуіне көмектесе алады», - деп атап өтті Виталий Быстрюков, Орталық Азия және Беларусь елдері бойынша «Жалпы медицина» бизнес-бөлімшесінің жетекшісі, Санофи Қазақстан Басқарма басшысы.
Препаратты пайдалануға ЕО елдерінде 2017 жылдың қаңтарында, АҚШ-та 2016 жылдың қараша айында рұқсат етілген. Сонымен қатар ол Жапонияда, Канадада, Швейцарияда, Мексикада, Бразилияда, Ресейде тіркелген. Қазақстанда бұл жаңа препарат 2020 жылы 15 маусымда тіркелген.