Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қарттар үйінде 20 мыңнан астам зейнеткер тұрады

Қазақстанда қарттар үйінде 20 мыңнан астам зейнеткер тұрады

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандық қарттар үйінде 20,7 мың зейнеткер тұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы қарттар мен мүгедектер (ересектер) үйінде 20 733 зейнеткер тұрады. Оның 11868-і ерлер, 8865-і әйелдер.

Үйлердің көпшілігі Шығыс Қазақстан (2787 орындық 17 үй), Қарағанды (2527 орынға арналған 11 үй) және Батыс Қазақстан облыстарында (1294 орынға арналған 11 үй) жұмыс істейді.

Одан кейінгі орында Қостанай облысы (1723 орынға 9 үй). Ақмола (1218 орынға) және Алматы облыстарында (1810 орынға) 8 үйден бар. Елдің басқа аймақтарында 2-ден 6-ға дейін қарттар мен мүгедектер үйі бар.

Похожие материалы