Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесті күшейтпек

Қазақстанда қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесті күшейтпек

Алматы. 12 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің өкілеттігі күшейтілуі мүмкін.

Президент Жарлығының жобасына сәйкес, Қазақстанда елдің қаржылық тұрақтылығы жөніндегі Кеңес туралы ережені бекітіледі.

"Жарлық жобасы кеңестің макропруденциалдық саясат, дағдарысқа қарсы шаралар, екінші деңгейдегі төлем қабілеті жоқ банктерді реттеу, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді сауықтыру жөніндегі шараларды қаржыландыру мәселелерін қарастыруды қоса алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және жүйелік тәуекелдерді азайту жөніндегі ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган ретіндегі рөлін күшейтуді көздейді", - делінген құжат жобасында.

Жарлық қабылданған жағдайда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұдан басқа, Жарлық жобасы Ұлттық банктің қайта ұйымдастырылуына, Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің құрылуына, сондай-ақ, кеңес функцияларының өзгеруіне байланысты кеңестің құрамын өзгертуді көздейді.

Сондай-ақ, құжат жобасында оны әзірлеу кезінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шетелдік кеңестер қызметінің халықаралық тәжірибесі, оның ішінде Еуропалық Одақ пен АҚШ тәжірибесін қоса алғанда, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен үйлестірілуіне байланысты талданған және ескерілгені айтылған.

Жобада жарлық қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық салдарға, сондай-ақ республикалық бюджеттен шығыстарға әкеп соқпайтынына уәде беріледі.

Похожие материалы