Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы азайды

Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы азайды

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың ақпанында қолма-қол ақша айналымы көлемі өткен айдағы көрсеткіштен 1,6%, 2018 жылдың желтоқсанынан 5,5% қысқарып, 2,134 трлн теңгені құрады, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, өткен айда қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты 14,1% азайып, яғни 5,507 трлн теңгені құраған.

Қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін, ликвидті валюталық депозиттердің барлығын қамтитын М2 индикаторы 6,5% төмендеп, 14,814 трлн теңге болған.

Ақша массасы 7,9% қысқарып, 19,72 трлн теңгені құраған. Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшалары биыл қаңтар айында 6,7% азайып, 6,519 трлн теңге болған. Қысқаша түсінік бойынша, ақша базасы 9%, яғни 5,874 трлн теңгеге дейін кеміді. Екінші деңгейлі банктер және басқа да ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттерінің көлемі 10%, яғни 4,06 4,06 трлн теңгеге дейін азайды.


Похожие материалы