Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда қазіргі уақытта қонақ үй инфрақұрылымының жүктелу деңгейі төмен. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қонақ үйлердің толтырылуы 22,3%-ды құрады, деп хабарлады energyprom.kz.
Бұл ретте, толтырылу деңгейі жоғары аймақ Батыс Қазақстан облысы болды – 32,8%. Сонымен қатар, Алматы қаласы - 26,5% және Шығыс Қазақстан облысы (26,3%) да жүктемесі жоғары аймақтар қатарында. ТОП-5 өңірге Қостанай - 25,9% мен Атырау облыстары - 25,7% кірді.
Ал ел астанасында қонақ үйлердің толтырылу деңгейі 23,5%-ды құрады.
Қонақ үйлердің толтырылуының ең төмен көрсеткіші Қызылорда (13,8%) және Ақмола (13,9%) облыстарында тіркелді.