Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау қанша тұрады

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау қанша тұрады

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – 2020 жылы Қазақстан парниктік газ шығарындысын сата абстайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Ведомство хабарлағандай шығарынды 2014-2015 жылдары сатылып, 936,8 млн теңгеге 75 мәміле жасалған. 3,2 мың CO2 квотасы сатылған.

2016 жылдан 2018 жылға дейін сату тоқтатылған. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап СО2 шығарынды саудасын сату қайта қолға алынған. Енді 2020 жылы сауда-саттық іске қосылмақ.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында қоршаған ортаны қорғауға салынған инвестиция 44,2 млрд теңгені құрады. Оның жартысынан көбі Атырау облысына тиесілі – 24 млрд. теңге.

Айта кетейік, 2019 жылы энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру қызметіне республикалық бюджеттен 7,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 112,9 млн теңге қоршаған ортаның сапасын жақсарту және тұрақтандыруға және 142,1 млн теңге парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға жұмсалады.

Похожие материалы