Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қыркүйекте ең көп сатылған көлік қандай?

Қазақстанда қыркүйекте ең көп сатылған көлік қандай?

Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – Қыркүйекте жаңа автокөліктерді сатып алу көрсеткіші тамызбен салыстырғанда 2,7% өсті, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы. 

Қаңтар-қыркүйекте қазақстандықтар жаңа автокөлік, автобус пен жүк көлігін сатып алуға 386,7 млрд теңге (1134,9 млн доллар) жұмсаған. Яғни осы аралықта еліміздегі диллерлер 5 370 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 305 дана жүк көлігі мен арнайы көлік, автобус саудалаған. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық нарық сатылған автокөлік бойынша өткен жылмен салыстырғанда 28 пайыздық өсімді көрсеткен.

Ең көп саудаланған көліктердің ондығын қыркүйекте Lada бастап тұр. Өткен айда аталмыш маркада 1 328 автокөлік (өткен аймен салыстырғанда +10%) өз иесін тапқан. Ал Toyota дилерлері 1 146 дана (-9%) көлік сатса, Hyundai маркасы бойынша - 862 авто (+17%), Nissan маркасымен 293 дана (+23%), Volkswagen-нен 260 дана көлік сатылған. Renault автокөліктері сатылған 213 данамен алтыншы орында. Одан кейінгі орындарға Kia (182), Lexus (179) пен Skoda (100), Chevrolet (84) тұр.

Похожие материалы