Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – Қазақстан қор биржасында (KASE) қытай юанімен сауда-саттық көлемі өсіп келеді.
KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің мәлімдеуінше, 2014 жылдың қыркүйек айында Қытай валютасымен сауда-саттық іске қосылған сәттен бастап осы жылдың 17 қазанына дейін биржада 21 млрд теңгеге (431,5 млн юань) 2635 мәміле жасалды.
Оның айтуынша, 2018 жылдың 9 айында "юань – теңге" валюталық жұбы 8,2 млрд теңгені (158,4 млн юань) құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге немесе 4,1 млрд теңгеге (+85% немесе +72,8 млн юань) өсті.
Алайда, есепті кезеңде осы жұп бойынша жасалған мәмілелердің саны екі есе азайды және 392 құрады.