Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда 28 маусымда атап өтілетін «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні" пайда болды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысында айтылған.
Атап айтқанда, мерекелік күндер тізбесінде "Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні – 17 мамыр" тармағы мынадай түрде редакцияланған: "Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – 28 маусым".
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырды.
"Бұл қоғамның дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескере отырып, әділ шешім болады", – делінген Президент хабарламасында.