
Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда жұмыссыздар саны 453,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Бұл туралы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«Жұмыссыздар саны 453,1 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды – 4,9%. Жұмыссыз жүргендер, бірақ жұмыс іздемегендер немесе жұмыс жасауға дайын болмағандар саны 63,1 мыңды құрады», - желінген хабарламада.
2022 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіш бойынша жұмыспен қамтылғандар 8,8 млн адам, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 6,7 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар– 2,1 млн адам.