Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шетел валютасындағы депозиттер азайды

Қазақстанда шетел валютасындағы депозиттер азайды

Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың банктердегі депозиттері 8,71 трлн теңгені құрады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2019 жылдың басында бұл сома 8,76 трлн теңгеден асты. Осылайша, жыл басынан бері халықтың салымдары 0,6%-ға немесе 54,4 млрд теңгеге қысқарды.

Ағымдағы шоттарда шілде айында 1,1 трлн теңге сақталған. Оның ішінде ұлттық валютада – 825,2 млрд теңге, шетелдік валютада – 274,1 млрд теңге.

Бұл ретте шартты салымдар жыл басынан бері 31,6%-ға 13,06 млрд теңгеден 8,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Қаражаттың басым бөлігі шетел валютасында – 5,4 млрд теңге, ал ұлттық валютада – 3,5 млрд теңге болды.

Шұғыл салымдардағы ақша көлемі бұрынғысынша банктердегі қомақты үлеске ие. Реттеуіштің деректері бойынша аталған депозиттерде 7,5 трлн теңге (жыл басынан бері -2,6%) жинақталған. Оның ішінде ұлттық валютада – 3,9 трлн теңге (+2,6%), шетелдік валютада – 3,6 трлн теңге (-7,7%).

Похожие материалы